Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 20 Сәуір, 2021

ДДСҰ: Коронавирустан көз жұмғандар 3 айда 3 миллионға жетті

Коронавирус індетін жақын арада бақылауға аламыз. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас хатшысы Тедрос Гебрейесус арнайы брифингте осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, вирусты түбегейлі жеңу үшін халықаралық қауымдастықтың қолында барлық тетік бар. Тек осы әдіс-тәсілдерді ретімен әрі тиімді түрде қолдану керек. Сондай-ақ Гебрейесус әлем бойынша 25 пен 59 жас аралығындағы азаматтар арасында індеттің тез таралып жатқанына алаңдаушылық білдірді.

Тедрос Гебрейесус, ДДСҰ бас хатшысы:

 – Коронавирустан қайтыс болғандар саны 5 ай бойы еш кеміген жоқ. Құрбандар қатары 9 айда 1 миллионға, 4 айда 2 миллионға, ал бар болғаны 3 айда 3 миллионға жетті. Соңғы кездері коронавирустың түпнұсқасы емес, оның штамдары тез таралып жатыр. 

 

501 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз