Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 01 Шілде, 2021

Бішкекте әл-Фараби атындағы ҚазҰу филиалы ашылады

Қазақстан Республикасының мемлекет қайраткері, ғалым, әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің ректоры Жансейіт Түймебаев Қырғыз Республикасына жұмыс сапарымен келді.

Сапар барысында ол Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинеті Төрағасының орынбасары Жылдыз Бақашовамен, Қырғыз Республикасының Білім және ғылым министрі Болотбек Купешевпен кездесулер өткізді. Кездесулерге Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Р.С.Жошыбаев қатысты.

Тараптар екі елдің жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Қырғыз Республикасында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филиалын ашу мәселесі кездесудің негізгі тақырыбы болды.

Айта кету керек, қазақстандық-қырғыз үкіметаралық кеңесінің 9-шы отырысының қорытындысы бойынша Қырғыз Республикасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филиалын ашуды пысықтау туралы шешім қабылданды.

Тараптар білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту және нығайту мақсатында мынадай уағдаластықтарға қол жеткізді:

- әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Қырғыз Республикасының жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты жандандыру;

- екі ел аумағында өткізілетін конференцияларға, симпозиумдарға, семинарларға, дөңгелек үстелдерге Тараптардың жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамының және ғылыми қызметкерлерін қатысуы;

- әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің және Қырғыз Республикасы жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамын академиялық ұтқырлық шеңберінде екі елдің жоғары оқу орындарында сабақ өткізуге тарту.

Сонымен қатар, Ж.Түймебаев Ж.Баласагын атындағы Қырғыз ұлттық университетіне және К.Карасаев атындағы Бішкек мемлекеттік университетіне барды. Аталған оқу орындарының басшылығымен кездесіп, жоғарыда аталған оқу орындары мен ҚазҰУ арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Сапар соңында ҚазҰУ ректоры ұлы қазақ ақыны әрі ойшыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында Бішкекте ашылған Абай атындағы Қырғыз-Қазақ мәдени орталығында болды.

 

854 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз