Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 26 Маусым, 2022

«Алтын-Емел» паркінде жабайы қабан торайларымен фототұзаққа түсіп қалды

 Алматы облысындағы «Алтын-Емел» ұлттық паркінде жабайы қабан торайларымен бірге фототұзаққа түсіп қалды.

Бұл туралы ақпарат «Алтын – Емел» табиғи паркінің Instagram-дағы парақшасында жарияланды.

«Қыстан аман шыққан торайлар «Алтын-Емел» ұлттық паркінде серуенге шыққан. Видеодан олардың бұлаққа су ішу үшін емес, батпаққа аунау үшін келгені көрініп тұр. Себебі, олар осылайша кенелерден қорғанады», - делінген әлеуметтік желідегі парақшада.
Ұлттық парктің мәліметінше, мұнда 100-ден астам жабайы қабан мекендейді. Сондай-ақ, қабандардың күніне орта есеппен 4-5 мың калория азық жеп, тамақтың иісін бес шақырымнан астам қашықтықтан сезетіні жазылған.

684 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз