Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 07 Тамыз, 2022

Сергек жүрудің сыры

Шаршау, сіркенің су көтермеуі, ойды жинақтай алмау әрбір ересек адамға таныс жай. Мұндайда дұрыс ұйықтау мен ас ішудің өзі қиын. Ауру деп санауға келмейтін, сау күйге ұқсамайтын бұл жайдан құтқаратын тәсіл бар. Ол мынадай:

Апельсин. Күніне 1-2 дана жеп тұру зейінді арттырады, жұмысқа қабілетті арттырады, сергектік сыйлап, шаршаудан арылтады. Ондағы С витамині мен пектин көңілді жайландырып, ағзаның қорғану қабілетін арттыру арқылы көңіл-күйді тұрақтандырады, жағымсыз жайға қарсылықты арттырады.

Банан. Триптофан атты амин қышқылы ағзада серотонин (бақыт гормоны) бөлінуіне көмектеседі. Осы арқылы жүйкені жайландырады, ойды жинақтауға көмектеседі деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Күніне 1-2 дана жеп тұру шаршаудан сақтайды, бұлшық еттің тонусын көтереді, ал калий жүрек-қан тамырларының жұмысын жақсартады. 

Кепкен өрік. Күнделікті 100 грамм жеп жүрудің өзі қалжыраудан сақтайды, зорығудан қорғайды. Оны тұрақты әдетке айналдырсаңыз күні бойы сергек жүруге де жәрдем. Гормоналдық тепе-теңдікті қалпында ұстауға да сеп, зат алмасуын жақсартады, физикалық шаршауда қуат береді.

Көк шай. Үш мезгіл бір кесе ішу сергек жүруге, жағымсыз ойды жолатпауға көмектеседі. Антиоксиданттарға бай ол ағзадан қалдықтың шығуына, тәбетті жақсартуға, ас қорыту жүйесі мен жүрек аурулары кезінде өзіңізді жайлы сезінуге жәрдем.

Теңіз капустасы. Табиғи йодтың қайнар көзін күніне 200-300 граммнан тұтынсаңыз, жүйкені жайландырып, ашуды тежейді. Ми клеткаларына әсер ету арқылы дұрыс ойлауға көмектеседі, шаршағанды басады, қуатты арттырады.

Сәбіз. Есте сақтау қабілетін арттырады, мидағы қан айналымын жақсарту арқылы зейін мен көру қабілетін шыңдайды. Күніне бір дана жеудің өзі ерте қартаюдың алдын алады, жүрек жұмысына жайлы тиеді.

Ірімшік. Жұмысқа деген қабілетті арттыру мен белсенділікті сақтағыңыз келсе күніне 200 грамм қоспасыз ірімшік тұтыныңыз. Ол физикалық және ақыл-ой шаршауынан сақтайды. Ал құрамындағы мол ақуыз бен кальций саулығыңызға үлес қосады.

Асқабақ дәні. Темір мен цинкке бапй ол иммунитетті көтеріп, қаназдықтан қорғайды, шаршауды басады. Сіркенің су көтермеуі мен ашулануды басады. Күніне 100 грамм жеткілікті.

Ащы шоколад. Тәулігіне 50 граммнан жеп тұру жүйке клеткаларын белсендіреді, қанға оттегі жеткізілуін жақсартып, мидың шаршауын болдырмайды. Күйзеліс пен уайымнан арылуға да сеп. Жұмысқа деген қабілетті арттырады.

Facebook желісінен

989 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз