Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Инфографика
  • 05 Қаңтар, 2023

Жарты миллионнан астам студент білім алып жатыр

2022-2023 оқу жылының басында Қазақстан Республикасында 718 техникалық және кәсіптік білім беретін дербес ұйым мен 41 филиал жұмыс істеді.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, оқушылардың жалпы саны – 525,9 мың адам, оның ішінде 251,2 мың адам немесе 47,8%-ы – әйелдер. 2021-2022 оқу жылымен салыстырғанда оқушылар саны 6,5% көбейді.

Оқу жылы бойынша оқушылар саны

 

 

Оқуға түскендер

Жалпы саны

Түлектер

2020-2021 оқу жылы

164 644

477 539

146 494

2021-2022 оқу жылы

176 884

494 042

138 760

2022-2023 оқу жылы

195 189

525 909

 

Оқушылардың жалпы санынан 71,8% – негізгі орта білім, 24,5% – жалпы орта білім негізінде, 3,7% – ТжКБ базасында оқиды.

Күндізгі оқу бөлімінде оқушылардың 95,8%, кешкі және сырттай бөлімдерде тиісінше 0,2% және 3,9% оқиды.

316,1 мың адам мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқиды, бұл – оқушылардың жалпы санының 60,1%, 209,8 мың адам немесе оқушылардың 39,9% ақылы негізде білім алады.

2022-2023 оқу жылындағы сұранысқа ие мамандықтар:

- мейіргер ісі – 18 454 адам;

- емдеу ісі – 15 304 адам;

- бағдарламалық қамтамасыз ету – 13 242 адам;

- автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану – 10 161 адам;

- тамақтандыруды ұйымдастыру – 10 143 адам;

- бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі – 8 777 адам;

- дене тәрбиесі және спорт – 7 410 адам;

- басқа мамандықтар бойынша – 111 698 адам.

 

 

Мемлекеттік тілде оқитындардың үлесі – 61%, орыс тілінде – 38,8% және ағылшын тілінде – 0,2%.

2022 жылы түлектердің саны 138,8 мың адамды құрады, оның ішінде 83 мың адам немесе 59,8% жұмысқа орналасқан және 19,9 мың адам немесе 14,3% жоғары оқу орындары мен колледждерде оқуын жалғастырған.

Республиканың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 36,9 мың педагог және 5,4 мың өндірістік оқыту шебері жұмыс істейді. Педагогтардың санаттары бойынша 868 адам – педагог-шебер, 6 049 адам – педагог-зерттеуші, 4774 адам – педагог-эксперт, 6 004 адам – педагог-модератор.

864 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз