Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 31 Тамыз, 2023

«Болашақ» стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

«Болашақ» стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды, деп хабарлайды kazgazeta.kz Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Республикалық комиссияның шешімімен осы жылғы іріктеудің үшінші легінде 172 қазақстандық «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды. Оның ішінде 138 адам магистратурада, 8 адам докторантурада білім алса, 26 қазақстандық әлемнің жетекші жоғары оқу орындары мен өндірістік орталықтарына тағылымдамадан өтеді.

Стипендиаттардың басым көпшілігі жаратылыстану-техникалық бағыттар бойынша шетелде даярланатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, биыл «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысуға өтінім қабылдау төрт лекке бөлінген. Соңғы лекке 2023 жылғы 15 қыркүйекке дейін құжат қабылданады. Ал ғылыми тағылымдама бағдарламасына 13 қазанға дейін құжат тапсыруыңызға болады.

Фото: ашық дереккөз

155 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз