Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 01 Қыркүйек, 2023

Ұлттың бақыты білімді, парасатты ұрпақ - Бексұлтан Нұржекеев

Бүгін еліміздің барлық мектептерінде алғашқы қоңырау  салтанатты шарасы өтті.  Жаңа оқу жылында Алматы қаласы бойынша  30 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барды.

Мектеп табалдырығын алғаш аттаған балалардың қатарында ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жазушы Бексұлтан Нұржекеевтің де немересі бар. Ол биыл М. Базарбаев атындағы  №138 мектеп-гимназиясының 1 "Б" сыныбына барды.
- Бүгін мен гимназияға Еркен есімді немеремді әкелдім. Білімнің алғашқы табалдырығын аттау деген бала үшін де, ата-анаға да, ұстазға да үлкен жауапкершілік. Ұлттың бақыты білімді, парасатты ұрпақ десек, баланың жақсы болып өсуі тек сенің ғана емес, мемлекеттің де қуанышы. Балаға ата-ана мейірімін төксе, ұстаздар бала арқылы мемлекеттің болашағын қалыптастырады. Демек, ата-ана, ұстаз, мектеп - осы үшеуі бірігіп  халқымыздың іргесін бекітеді. Биылғы мектептің табалдырығын аттаған балаларға сәттілік тілейміз, - дейді жазушы.

Биыл еліміз бойынша 350 мыңнан астам бүлдіршін бірінші сыныпқа қабылданған. Олардың 71,2% қазақ тілінде оқытатын мектептерді таңдады.

 

Гауһар Түстікбаева,

"Қазақ газеттері" ЖШС

413 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз