Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Фотогалерея
  • 03 Қыркүйек, 2023

Алматыда «Ұлы дала – көшпенділер әлемі» халықаралық этнофестивалі аяқталды

Алматы қаласындағы «Боралдай сақ қорғандары» археологиялық саябағында «Ұлы дала – көшпенділер әлемі» Халықаралық этнофестивалі аяқталды. Екі күн бойы іс-шараға келген 10 мыңнан астам адам көшпенділердің әдет-ғұрпымен, дәстүрімен танысып, қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татты. Бұл туралы kazgazeta.kz тілшісі хабарлайды.

Қала күніне орайластырылған фестиваль «Алматы – Шанхай ынтымақтастық ұйымының мәдени және туристік астанасы» жобасы аясында ұйымдастырылған.

Шараның басты мақсаты - көшпенділер мәдениетін, ежелгі тарихы мен салт-дәстүрін көрсету. Фестивальда көшпенділердің жауынгерлік ойындары, саятшылығы, ат баптауы, тағамдары, қолөнері т.б. көптеген тұрмыс-тіршілігі  көрсетілді. Шараға жиналған халық түрлі сайыстарды тамашалап, қызықты шеберлік сабақтарға қатысып, көшпенділердің өткен дәуіріне саяхат жасады.

Фестивальде Әзербайжан, Түркия, Мажарстан (Венгрия), Малайзия, Башқұртстан, Дағыстан, Чувашия, Алтай,  Бурятия, Өзбекстан және Қырғызстан сынды 10 нан астам мемлекеттен жиналған ең мықты этномузыканттар мен спортшылар өнер көрсетті.

Суреттерді түсірген-Досжан Балабекұлы

658 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз