Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 05 Қыркүйек, 2023

«Qazaq kuresi бойынша педагог-жаттықтырушы» білім беру бағдарламасы әзірленді

«Qazaq kuresi бойынша педагог-жаттықтырушы» білім беру бағдарламасы әзірленді, деп хабарлайды kazgazeta.kz Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚР дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру және қазақ күресінен халықаралық аренада ұлттық спорт түрінің беделін арттыру шеңберінде Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы Qazaq kuresi қауымдастығымен бірлесіп алғаш рет «Qazaq kuresi бойынша педагог-жаттықтырушы» инновациялық білім беру бағдарламасын әзірледі. 

Білім беру бағдарламасы Qazaq kuresi оқыту дағдыларын игеруді, спорттық сабақтар бағдарламаларын әзірлеуді және жаттығулар мен күрес техникасының дұрыс орындалуын бақылауды, дене шынықтыру және Qazaq kuresi саласында кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыру үшін қажетті білім беру ресурстары мен құралдарын қолдануды қамтиды.

Бұл білім беру бағдарламасы ұлттық патриотизмге тәрбиелеу және тарих пен дәстүрлерді құрметтеу арқылы жастарды тарту және халықтың денсаулығын нығайту факторына айналуға арналған.

Бағдарламаны іске асыру Академияға еліміздегі ұлттық спорт түрлерін дамытудың ұлттық тұжырымдамасын әзірлеуге қатысуға мүмкіндік береді.

Фото: ашық дереккөз

358 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз