Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Фотогалерея
  • 15 Қыркүйек, 2023

Ұлттық кітапхананың Алматы күніне арналған шарасы өтті

Алматы қаласы күніне орай ҚР Ұлттық кітапханасының орталық кіреберісіндегі ашық алаңда  «Мәдениет, өнер, қолөнер» жәрмеңкесі және «Алматы – менің шығармашылық бесігім» әдеби-музыкалық кеші өтті. 

«Мәдениет, өнер, қолөнер» жәрмеңкесіне  белгілі және жас қазақстандық жазушылар, отандық баспалар, кітап дүкендері, ғылым, білім және мәдениет мекемелері, қоғамдық ұйымдар қатысты.

Оңтүстік астананың кішкентай тұрғындары мен қонақтары үшін «By ArT» көркемсурет студиясы «Қаланың жарқын түстері» пленэрін өткізді. Пленэр – бұл табиғаттағы табиғи жарықта сурет салудың керемет және жарқын өнері. Жас суретшілердің біздің сүйікті қаламыз бен елімізге арнаған ең жақсы туындылары көрмеге қойылды.

Кітапсүйер қауым үшін кітап жәрмеңкесі өтті, онда қаланың танымал баспалары мен кітап дүкендері жаңа оқу, публицистикалық, көркем, балалар және танымдық әдебиеттерді ұсынды.

Сонымен қатар, «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің «Алматы айшықтары» фотокөрмесі ұйымдастырылды.

Алматы қаласының «Libery Theatre» жас эксперименталды театры музыкалық-импровизациялық шоу ұсынды. Театрдың негізін қалаушы - режиссер, әнші, продюссер Адиль Вовнянко / шығармашылық лақап аты - Dilly Dil Solo.

«love_stickers_kz» және «booksbox» дүкендері сатылымға жүздеген қызықты кітаптар, ерекше кәдесыйлар мен сыйлықтар ұсына отырып, ғажап эмоциялар мен шабыт сыйлады.

Суреттерді түсірген - Досжан Балабекұлы

5205 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз