Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 16 Қыркүйек, 2023

Қазақстан геологтарының І съезі өтті

Астана қаласында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің арнайы ұйымдастыруымен «ХХI ғасырдағы Қазақстанның геологиялық қызметі: жағдайы, проблемалары мен мүмкіндіктері» жайында алғаш рет Қазақстан геологтарының І съезі өтті, - деп хабарлайды Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.
 
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан халқына жасаған «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Жолдауында мынадай міндеттеме қойды – 2026 жылға дейін геологиялық-геофизикалық барлау алаңын қазіргі бір жарым миллион шаршы километрден кем дегенде 2 миллион 200 мың километрге дейін жеткізу.
 
Минералды-шикізат базасын толықтыру үшін объектілерді геологиялық-өнеркәсіптік бағалаудың жаңа технологияларын пайдалана отырып, кең ауқымды геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу және оларды тәжірибелік игеруге дайындау қажет. 

«Ресурстарға бай біздің елімізде көптеген жылдар бойы айтарлықтай геологиялық ашылулар болған жоқ. Сондықтан жағдайды тез арада өзгерту керек», – деген Мемлекет басшысының сөздері пайдалы қазбаларды өндіру үшін барлау жұмыстарына көбірек көңіл бөлетін жер қойнауын пайдаланушыларға ғана емес, ғалымдарға да арналып отыр.
 
Сәтбаев Университетінің ғалымдары Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Ғылым комитетінің бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру конкурсы аясында геология саласын зерттеуге және тереңде жатқан порфирлі мыс кен орындары бар аймақтардың болашағын бағалаумен байланысты геологиялық, геофизикалық және гидрогеологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізуге ғылыми-техникалық өтінім дайындады. Ғалымдарымыз сондай-ақ байқауға гидрогеологиялық барлау жұмыстарын жүргізу бойынша өз идеяларын ұсынды. Бастысы – Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін, ғалымдар минералдық-шикізат базасын толықтыру мәселесіне ғылыми негізделген ұсыныстар мен шешімдерді ұсынуы өте маңызды.

219 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз