Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 25 Қыркүйек, 2023

ҰБТ: Екі пән бойынша шекті балл төмендетілді

Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, ҰБТ форматы: 5 пәннен тұрады (3 міндетті + 2 бейіндік). Шекті балл математикалық сауаттылық және оқу сауаттылығы пәндері бойынша 5 ұпайдан 3-ке түсірілді, - деп хабарлайды kazgazeta.kz.

Сәйкесінше, осы пәндерден сұрақ саны 20-дан 10-ға дейін азайды. Дегенмен максималды ұпай саны өзгеріссіз, 140 балл.

 Математикалық сауаттылық – 10 тапсырма, шекті балл – 3;  Оқу сауатталығы – 10 тапсырма, шекті балл – 3;  Қазақстан тарихы – 20 тапсырма, шекті балл – 5;

І бейіндік пән – 40 тапсырма, 50 балл, шекті балл – 5;

 ІІ бейіндік пән – 40 тапсырма, 50 балл, шекті балл – 5.

Сондай-ақ ҰБТ тапсыруға берілетін уақыт та қысқарды. Енді оқушыларға 240 минут(4сағат) емес, 210минут( 3 сағат 30 минут) беріледі. Ал ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға ұсынылатын қосымша 40 минут уақыт өзгеріссіз сақталды.

Айта кетейік, 2024 жылғы ҰБТ-дағы тест сұрақтарының саны өзгермек, сондай-ақ бейіндік пәндерге жаңаша тапсырмалар қосылады.

207 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз