Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Инфографика
  • 11 Желтоқсан, 2023

Бір жылда жаңа тұрғын үйлерді сату бағасы 3,2% өсті

Бір жылда (2023 жылғы қараша 2022 жылғы қарашаға) жаңа тұрғын үйлерді сату бағасы 3,2% өсті, ал пәтерлерді қайта сату бағасы керісінше 5,4% төмендеді, - деп хабарлайды kazgazeta.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2023 жылғы қарашада 0,9% төмендеді.
Өңірлер бөлінісінде жаңа тұрғын-үй нарығында баға жылдық мәнде Павлодар – 14,8%, Петропавл 10,6% қалаларында  қымбаттады. Қолданыстағы пәтер нарығындағы баға өсімінің лидері – Атырау (11,8%) мен Семей қалалары (8,3%), тұрғын үйді жалға алу нарығында – Жезқазған қаласы (30%), Қарағанды қаласы (23%), 
Көкшетау қаласы (22,3%).



Бір айдың ішінде (2023 жылғы қарашада қазанға қарағанда) пәтерлерді қайта сату 0,9%, абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі – 0,2% өсті. Жаңа тұрғын үйді сату бағалары алдыңғы аймен салыстырғанда қарашада 0,7% төмендеді.



2023 жылғы қараша айында тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 31 727 мәміле тіркелген, оның ішінде жеке үйлер бойынша 7 579 және көппәтерлі үйлердегі пәтерлер бойынша 24 148 мәміле жасалды. 2023 жылдың қазанымен салыстырғанда (32 975) тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 3,8%-ға азайды. Мәмілелер саны бойынша Алматы (6 261 – 19,7%) және Астана (4 828 – 15,2%) қалалары, сонымен қатар,  Қарағанды облысы (2 728 – 8,6%) көш бастап тұр. Мәмілелер саны Ұлытау облысында ең аз – 417 бірлік (1,3%). 
2023 жылдың қазан айымен салыстырғанда қарашада ең көп өсім Ұлытау (+39,9%), Қызылорда (+27,1%) облыстарында және Алматы (+7%) қаласында  тіркелді. Ал бір айдағы ең үлкен төмендеу Атырау облысында (18,1%), Шымкент қаласында (15,9%), сонымен қатар Түркістан облысында (14,6%) орын алды.
2023 жылдың қазанымен салыстырғанда, көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй мәмілелерінің саны 3,2%-ға (804 мәмілеге) кеміді. Қараша айында пәтерлер бойынша барлығы 
24 148 мәміле жасалды, бұл мәмілелердің жалпы санының 76,1%-ы. Көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй саудасының негізгі үлесі Алматы (24%), Астана (19,5%) қалаларына және Қарағанды облысына (9,4%) тиесілі. Бөлмелер саны бойынша 1 бөлмелі пәтерлер сатылымы қайта көбейді, қараша айында 9 316 мәміле ресімделген. 
2023 жылдың қазан айымен салыстырғанда, қарашада жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер саны да 5,5%-ға азайып (444 мәмілеге), 7 579-ды құрады. Жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер санының ең көп өсімі Ұлытау (20%), Қызылорда (13,8%) және Алматы (5,8%) облыстарында байқалды. Ал бір айдағы ең үлкен төмендеу Абай  облысында (32%), Астана (23,8%) және Алматы (16,9%) қалаларында орын алды.
2023 жылдың қарашасында тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері алдыңғы жылдың тиісті айымен салыстырғанда 6,1%-ға азайған, ол кезде 33 797 мәміле ресімделген болатын. Азаюдың ең жоғарғы көрсеткіші Астана қаласында (18%-ға) тіркелді, ал Қызылорда облысында ұлғаюдың ең үлкен көрсеткіші (31,5%-ға) байқалды. Динамиканың теріс мәні 2023ж. қаңтар-қараша айларындағы мәмілелер санының 2022ж. қаңтар-қараша айларындағы мәмілелер санымен салыстырғанда орын алды және -23%-ды құрады. 




ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы тұрғын үй бағасы бойынша ай сайын мониторинг жүргізеді. Баға индекстері облыс орталықтары мен Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша іріктеп байқау деректері негізінде қалыптастырылады. Жаңа тұрғын үйлер бойынша ақпарат сату бойынша операциялар жүргізетін құрылыс компанияларынан жиналады, бұл ретте пәтердің бастапқы және таза әрленгендегі бағасы ескеріледі. Пәтерлерді қайта сату және жалға алу бойынша деректер интернетте, бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылатын хабарландырулар негізінде жиналады. Бағаларды есептеу кезінде бір, екі, үш бөлмелі пәтерлер бойынша ұсыныстар есепке алынады.

6495 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз