Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 08 Қаңтар, 2024

Алматыда мерейтойлық ХХ Халықаралық Жәутіков олимпиадасы ашылды

Алматы әкімі Ерболат Досаев Жәутіков олимпиадасының ашылу салтанатында қатысушыларды құттықтады, - деп хабарлайды kazgazeta.kz Алматы қаласы әкімдігіне сілтеме жасап.

Биыл зияткерлік сайыс 3 жылдық онлайн режимнен кейін офлайн форматта өтіп жатыр. Олимпиадаға Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Ресей, Қырғызстан сияқты 16 елден 600-ге жуық оқушы қатысады.

«Жәутіков атындағы олимпиаданың ауқымы мен кеңінен танылуы Алматы үшін маңызды оқиғаға айналды. Мықты физика-математика мектебімен танымал қаламыздың оқушыларының жеңісі мен жетістігін мақтан тұтамыз. Жәутіков олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қазақстан мен шетелдерде зор жетістікке қол жеткізіп келеді. Олар MIT, KAIST, Йель, Кембридж сынды әлемдегі ең беделді университеттердің студенттері», - деді Алматы әкімі Ерболат Досаев олимпиаданың ашылу салтанатында.

Мерейтойлық ХХ Халықаралық Жәутіков олимпиадасы 8-13 қаңтар аралығында дарынды балаларға арналған О.Жәутіков атындағы Республикалық мамандандырылған физика-математика орта мектеп-интернатының базасында өтеді.
 

250 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз