Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 10 Қаңтар, 2024

Жұбанов университетінің жатақханасы жаңа орындармен толықты

Жұбанов университетінің жатақханасы жаңа орындармен толықты, - деп хабарлайды kazgazeta.kz Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

Бүгін жатақхананың ресми ашылу рәсімі өтті. Жиынға «AMANAT» партиясының Ақтөбе облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ербол Данағұлов, университет ректоры Лаура Қарабасова және профессор-оқытушылар мен білім алушылар қатысты.

Лаура Қарабасова алдағы уақытта екі деңгейлі төсектерді алдыртып, орын санын әлі де ұлғайту жоспарда бар екенін атап өтті.

«Жыл сайын еліміздің басқа өңірлерінен келетін студенттер санының артуына байланысты жатақханалардағы төсек орындарды кезең-кезеңімен көбейтетін боламыз. Биыл да осындай мақсатта өз күшімізбен, университет қаржысына,  шаруашылық бөлімі қызметкерлерінің көмегімен қосымша 92 орынды жасақтадық. Жатақхана бөлмелерінің қабырғаларын, төбесін сырлап, линолеумдарын, сантехникалық жабдықтарын, асүйдегі, жуынатын бөлмедегі, душтардағы фарфор плиткаларын, электр кабельдерін, терезе перделерін барлығын заманауи талаптарға сай жаңарттық», - дейді оқу орнының басшысы.

108 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз