Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 01 Ақпан, 2024

Алматылық оқушылар Үндістандағы робототехника бойынша халықаралық чемпионатта жеңіске жетті

Алматылық оқушылар Үндістанда өткен робототехника бойынша халықаралық чемпионатта жеңіске жетті, - деп хабарлайды Алматы қаласының әкімдігі.
Қазақстан құрамасы 220 команда бақ сынасқан «The Goa International Robotics Festival» халықаралық ашық чемпионатына қатысты.
Үш күндік жарыстың қорытындысы бойынша Алматыдан барған «Sana Тeam» және «Qazaq style» құрама командалары екі жоғары наградамен марапатталды.
12 жастан 18 жасқа дейінгі FIRST Tech Challenge санаты бойынша:
• -1 орын «Motivate award» - Sana Тeam командасы, Алматы қаласының «Білім-инновация» лицейі (БИЛ);
• -1 орын «Inspire award» - «Qazaq style» құрама командасы, Алматы қаласының №124, №81, №178, №206, №200 мектептері.
Жарысқа қатысу тәжірибесінің аздығына қарамастан, қазақстандық оқушылар жоғары кәсіби деңгейін көрсетті.
Жас өнертапқыштар бәйгесіне жолдаманы былтыр желтоқсанда оқушылар Оқу-ағарту министрлігінің және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өткен «Almaty Tech Cup» республикалық турнирінде жеңіп алған болатын.

155 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз