Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 21 Ақпан, 2024

Жас ғалымдар кеңесі құрылады

 2024 жылдың 23 ақпанында (жұма) ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясы жас ғылым көшбасшыларымен кездесу өткізеді, - деп хабарлайды аталған академияның баспасөз қызметі.

. Бұл жас дарындарды ғылыми ортаға тарту бойынша ауқымды стратегияның бөлігі. Кездесуге Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтай және Ғылым және техника жөніндегі Ұлттық кеңестің мүшелері, еліміздің ЖОО мен ҒЗИ жас ғалымдары кеңестерінің төрағалары, жас әрі қалыптасқан ғалымдар қатысады. 

Қазір елімізде ғалымдардың жалпы саны 22 мыңнан асқанына қарамастан, ғылыми дәрежесі бар ғылыми қызметкерлердің орташа жасы 57 жасты құрап отыр, ал ғалымдардың жалпы санының 15% - ы зейнеткерлік жасқа жеткен.

Кездесу аясында дөңгелек үстел өтеді, онда жетекші жас ғалымдар ғылыми экожүйені дамыту және ғылыми зерттеулердің басым бағыттары бойынша өз идеяларымен бөлісіп,                   жас ғалымдардың ғылымдағы рөлін арттыру бойынша ұсыныстар енгізеді.

Кездесу барысында ҚР Ұлттық ғылым академиясының жанынан алғаш рет Жас ғалымдар кеңесінің құрылғаны жарияланады. ЖҒК еліміздің жас ғалымдарын біріктіретін және өз қызметі үшін барлық қажетті өкілеттіктерге ие беделді ұйымға айналады.

Ғылыми әкімшілендіру саласында алғаш рет жас ғалымдардың құқықтарын қорғау үшін Жас ғалымдар кеңесі Президиумының мүшесі – омбудсмен лауазымы ресми түрде енгізіледі, оған жас ғалымдардың мәртебесін ілгерілету және нығайту миссиясы жүктеледі.

Сонымен қатар, жетекші жас ғалымдар сарапшы ретінде тәуелсіз талдамалық ұсыныстар береді және Академияның сараптамалық-аналитикалық қызметіне, ғылымды насихаттауға, форсайттық зерттеулер жүргізуге, сондай-ақ Ғылым бойынша Ұлттық баяндама дайындауға қатысады.

130 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз