Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 22 Ақпан, 2024

Әр аймақта балаларды психологиялық қолдау орталықтары ашылады

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстел барысында Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері еліміз үшін балалардың психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің қаншалықты маңызды екенін атап көрсетті.
Қазіргі уақытта Өңірлік психологиялық қолдау орталықтарын дамыту және трансформациялау бойынша жұмыстар қарқынды жүргізілуде.
Бүгінде Астана және Алматы қалаларында, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарында  9 психологиялық қолдау орталықтары мен бөлімшелері жұмыс істейді. Бұл бастама барлық ел аумағында жалғасын табатын болады.
Аталған іс-шаралар кешені өңірлерде психологиялық қолдау қызметтерін институционалды күшейтуге бағытталған. Ол өз кезегінде Қазақстанда балалардың психологиялық қауіпсіздігінің деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

107 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз