Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 02 Наурыз, 2024

ЕҰУ-да Абай туралы 12 кітап таныстырылды

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Абай Құнанбаевқа арналған жаңа ғылыми еңбектерді таныстырды, - деп хабарлайды kazgazeta.kz Ғылым және жоғары білім министрлігігің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бірегей жаңа зерттеулер ЕҰУ жанындағы «Абай академиясы» ғылыми-зерттеу институтында 9 серия бойынша жарық көрді. Ғалымдар ойшылдың «толық адам» тұжырымдамасына да терең зерттеулер жүргізді.
ЕҰУ жанындағы «Абай академиясы» ҒЗИ-нің зерттеу жұмыстарын белгілі ғалымдар мен абайтанушылар дайындады. Авторлар қоғамның, ғылымның, әдебиеттің, тілдің өзекті мәселелерін Абайдың дүниетанымы мен мұрасы арқылы қарастырды.
«Абайды тану үшін әлем әдебиетін білу керек. Мұны Шекспир, Гете, Пушкинді зерттеген қазақ ғалымдары жақсы біледі. Біз кітабымызда Абайды тілдік-философиялық бағыт арқылы зерделеуге тырыстық, оның әрбір сөзін мұқият талдап, ақынның әрбір туындысындағы сөздердің мән-мағынасын сараптадық», - деп атап өтті «Абайдың даналық әлемі» кітабының авторы Анар Салқынбай.

190 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз