Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 09 Наурыз, 2024

Нұрлан Ноғаев көпбалалы аналарды мерекелерімен құттықтады

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев көпбалалы аналар мен түрлі салада жұмыс істеп жүрген әйелдерді мерекелерімен құттықтады. Марапаттау рәсімі Достық үйінде өтті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Қыз-келіншектерге гүл, алғыс хат пен құттықтаулар табысталды. Мерекеге өңірдегі қалалар мен аудандарда тұратын түрлі кәсіп өкілдері, сондай-ақ көпбалалы аналар қатысты.

Маңғыстау облысы туу көрсеткіші бойынша бірнеше жылдан бері Қазақстанда алдыңғы орындардың бірінде тұрған аймақ. Облыста 12 мыңнан астам әйел “Алтын алқа” және “Күміс алқаның” иегері атанғаны бұл сөзіміздің дәлелі деуге болады.

Әйелдерді құттықтаған Нұрлан Ноғаев нәзік жандылардың жасампаз күші болмаса, қоғамның дамуы мүмкін емес екенін, өңірдің дамуында да әйелдердің зор рөл атқарып отырғанын атап өтті.

«Әр заманда да әйелдер біздің қоғамда өте маңызды рөл атқарды. Қазақ халқы «әйел бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербетеді» деп бекер айтпаған. Бүгінде облысымызда таңдай қақтыратын жетістігі бар әйелдер көп. Олардың арасында өз ісіне адал ұстаздар, дарынды шығармашыл тұлғалар мен білікті кәсіпкерлер бар. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдерді қолдау шараларына ерекше назар аударады, басшылық қызметтегі әйелдердің үлесі де артып келеді. Біздің облыстың жетістігі әйелдермен тығыз байланысты. Маңғыстаудың дамуына нәзік жандылар өлшеусіз үлес қосып отыр. Сұлулықтарыңыз бен мейірімділіктеріңіз үшін, үйлеріңіздегі жылулық пен тиянақты істеріңіз үшін, өмірдің қуанышы мен мәні үшін рахмет. Сіздерге денсаулық, амандық және зор бақыт тілеймін”,– деді Нұрлан Ноғаев.

Фото: gov.kz

222 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз