Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 14 Наурыз, 2024

Заңсыз салынған нысан бұзылды

Алматыда  заңсыз  салынған кезекті нысан бұзылды.

Қыдырбеков көшесі, 41 мекенжайдағы екі қабатты тұрғын емес ғимаратты бұзу аяқталуға жақын.

Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы меншік иесінің (жеке тұлға) рұқсат беру құжаттары пакеті болмаса да нысан салғанын хабарлады.

2023 жылғы 27 наурызда басқарма меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылдады және жол берілген бұзушылықтарды жоюға нұсқама берді. Меншік иесі нұсқаманы орындамағандықтан, өткен жылдың 25 маусымында Алматының Наурызбай аудандық сотына осы ғимаратты бұзуға талап арыз берілді. 2023 жылдың 30 қазанында бұзу туралы талап қанағаттандырылды.

Сот шешімін орындау үшін бұрын меншік иесі объектіні өз бетінше бөлшектеуді бастаған, бүгінде сот орындаушыларының қатысуымен күрделі құрылымдарды сүру жүргізілуде.

175 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз