Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 18 Наурыз, 2024

Қазақстандықтар #Наурыз2024 хештегі арқылы онлайн-фестивальге қосыла алады

TikTok Қазақстанның барлық түкпір-түкпіріндегі өз қолданушыларын көктемнің бастауы – Наурыз мерекесін кеңінен атап өтуге шақырады, - деп хабарлайды Мәдениет және ақпарат министрлігі.

Арнайы #Наурыз2024 хештегі арқылы қазақстандықтар онлайн-фестивальге қосылып, мерекенің ең тамаша сәттерімен бөлісе алады. Сондай-ақ ең үздік бейнебаяндардың авторлары бағалы сыйлықтарға ие болады.
Фестивальге Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрлігі, Қазақстан Республикасының туризм және спорт министрлігі мен «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы қолдау көрсетіп, оған TikTok-тағы танымал контент авторлары да қатысады.
Биыл да TikTok кең ауқымды виртуалды Наурыз фестивалін бастай отырып, қолданушыларын  #Наурыз2024 хэштегімен бейнебаяндар мен фотоконтент жасауға шақырып отыр. Платформа қолданушыларды әртүрлі тақырыптар бойынша контент түсіруге: яғни, тағамдар әзірлеуден бастап ұлттық сән үлгілеріне дейін, аңыздар мен дәстүрлерден музыка мен биге дейін үндейді. Ең креативті бейнебаяндардың авторлары TikTok-тың бағалы сыйлықтарына ие болады.
«#Наурыз2024 жобасы Қазақстанның мәдениетін жаһандық тұрғыда ілгерілетуде маңызы өте зор. TikTok-тың миллиондаған қолданушылары қазақ халқының ғажайып мәдениеті, әдет-ғұрыптарымен, салт-дәстүрлерімен таныса алады. Біз де осы жобаның арқасында бүкіл елдегі отандастарымыз сүйікті мейрамдарын бұрынғыдан ауқымды атап өтетіндіктері үшін қуаныштымыз», - деп атап өтті Евгений Кочетов, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі.

221 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз