Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 18 Наурыз, 2024

Қарағанды облысында екіжақты командалық-штабтық оқу-жаттығудың белсенді кезеңі өтті

31775 әскери бөліміне қарайтын  шабуылдау батальонының елді мекендегі шартты қарсыласты жою жөніндегі іс-қимылы Саран қаласының өнеркәсіптік аймағында жүргізілді.

Оқу-жаттығудың белсенді кезеңін Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштер Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов бақылады.

Оқу-жаттығудың жоспары бойынша Саран қаласының өнеркәсіптік аймағында шартты қарсыластың бары белгілі болды. Әскери қызметшілер ұшқышсыз басқарылатын құрылғылардың көмегімен жергілікті жерге барлау жүргізді.

– Содырлардың құтылып кетуіне жол бермеу және қосымша күштердің келу мүмкіндігін болдырмау үшін батальон командирі нысананы айнала қоршау туралы шешім қабылдады. Қарсыласты адастыру мақсатында маневр қолданылды, екінші бағытқа да шабуылдау әрекеттері жүргізілді, – деді «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары подполковник Аслан Кітапбаев.

Одан өзге жауынгерлік барлау күзеті мен инженерлік-саперлік бөлімше атыс нүктелерін анықтап, қарсыластың резервін жойды.

Фото: gov.kz

157 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз