Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 18 Наурыз, 2024

Оқулықтарды таңдау жүйесі автоматтандырылды

Еліміздегі мұғалімдер сабақтарды ұйымдастырудың ерекшеліктеріне қарай, өздеріне ұнайтын оқулықты ETANDAU.GOV.KZ платформасы арқылы таңдай алады.

Қазіргі таңда электронды платформа Астана және Алматы қалаларының, сондай-ақ Қостанай облысының бірқатар мектептерінде апробациядан өтті.

«ETANDAU.GOV.KZ - бұл мұғалімдерге арналған оқулықтарды таңдаудың ашық жүйесі. Апробация кезінде оның функционалдығы және жұмысты оңтайландыру мүмкіндіктері расталды. Педагогтер оқу процесінің ерекшеліктері мен ұйымдастырылуын ескере отырып, өздеріне ұнайтын оқулықты өз бетінше таңдай алады», - деп атап өтті Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығының директоры Назира Абдрахманова.

Қазір мұғалімдер платформаны пайдалану бойынша оқытудан өтуде. Айта кетейік, бұл бастама білім беру сапасын және тиімділігін арттыруға тағы бір қадам болмақ.

138 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз