Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 18 Наурыз, 2024

Сәуір айында жас ғалымдар саммиті өтеді

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім Министрлігі Сіздерді 2024 жылғы 12 сәуірде Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өтетін Жас ғалымдар саммитіне шақырады.

Жас ғалымдар саммиті тәжірибе мен білім алмасуға, сондай-ақ әртүрлі сектор өкілдері арасында байланыс орнатуға арналған алаң болып табылады.

Отырыста пәнаралық ынтымақтастықтың өзекті тақырыптары, ғылым мен мемлекеттік және жеке сектор арасындағы өзара іс-қимыл перспективалары, сондай-ақ Қазақстандағы ғылыми зерттеулерді дамытудың негізгі міндеттері мен мүмкіндіктері талқыланады.

Бағдарламада тақырыптық талқылаулар мен лекциялар, шеберлік сабақтар сен пікірталастар өткізу жоспарланған.

Іс-шараға аспиранттар, докторанттар, ғылыми орталықтар мен жоғары оқу орындарының қызметкерлері, мемлекеттік сектор, бизнес және компаниялардың өкілдері қатысады.

Шараға қатысуға тіркелу 2024 жылдың 1-сәуіріне дейін сілтеме арқылы жүзеге асырылады: https://forms.gle/zK26mQ9fRZSeHENb7

149 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз