Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 18 Наурыз, 2024

Әсет Тұрысов Қаржы вице-министрі болып тағайындалды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Әсет Нұрланұлы Тұрысов бұрынғы қызметінен босатылып, қаржы вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

1987 жылы туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Нархоз университетін бітірген.

Еңбек жолын 2009 жылы «Қазақтелеком» АҚ-да бастаған.

2010-2011 жылдары — «Қазақтелеком» АҚ-да электрлік байланыс инженері.

2011-2012 жылдары — ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі «Электрондық үкіметті» дамыту және қорғау басқармасы сарапшысының м. а.

2012-2014 жылдары — ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Ақпараттандырудың жаңа моделін қалыптастыру және жобалық құжаттаманы талдау басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы.

2014 жылы — «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК басқарушы директоры

2014-2017 жылдары «Қазпошта» АҚ құрылымында қызмет етті.

2018-2021 жылдары — «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы

2021 жылғы қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін — ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі.

Фото: ҚР Үкіметі

163 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз