Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Таным
  • 18 Наурыз, 2024

Ұлттық киімдер күніне арналған фестиваль өтті

Мемлекет басшысының қолдауымен бекітілген «Наурызнама» тұжырымдамасына сай, 18 наурыз – Ұлттық киім күні болып бекітілді. Алматы қаласында Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясында осы атулы датаға орай Ұлттық киімдер фестивалі болып өтті, - деп хабарлайды kazgazeta.kz.

«Біз ұлттық дүниелерімізді, болмысымызды, салт-дәстүрімізді өзіміз құрметтейтін болсақ, өзгелер де құрметпейн қарайды. «Наурызнама» тұжырымдасы 1-2 ай бұрын емес, жақында ғана жарияланды. Сондықтан биыл Ұлттық киім күнін фестиваль ретінде атап өтуді жөн көрдік. Келесі жылы жас дизайнерлердің арасында байқау ретінде өткізуді жоспарлап отырмыз», – деді Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясының директоры Ақан Абдуалиев.

Мерекелік шараға еліміздің этно-дизайнерлер одағының өкілдері, Алматы сән және дизайн колледжінің сондай-ақ, Қазақ ұлттық өнер колледжінің студенттері қатысты. Фестивальда «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» жобасының «Алматы әжелері» тобы өз жұмыстарын ұсынып, заманауи стильде ұлттық киім тігудің жаңа трендтері туралы айтып берді.

«Ұлттық киімдеріміздің дамуы еліміздің салт-дәстүрімен, тұрмысымен, мәдениетімен тікелей байланысты. Бүгінгі таңда қолөнершілер,  зергерлеріміз ұлттық киімдеріміздің заманауи үлгіде дамуына өз үлестерін қосып жатыр, мәселен, әжелеріміз таққан белдемше, киіміне таққан түймелерінен бастап, әдемі әшекейлерімізге дейін қазақ әйеліне, жас қыздарымызға кеңінен насихатталып жатқаны қуантады», - деді  «Белсенді ұзақ өмір» орталығының «Алматы әжелері» ересек сәнқойлар тобының мүшесі Сәуле Мұқанова.

Ұлттық киімдер ұлықталған игі шара барысында белгілі отандық дизайнерлердің ұлттық киімдер топтамасы көрсетіліп, қатысушыларға ақшалай сертификаттар табысталды.

Гауһар Түстікбаева,

"Қазақ газеттері" 

Фото: Филармония баспасөз қызметі

442 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз