Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 23 Наурыз, 2024

Ақтауда Наурыз мерекесінен кейін теңіз жағалауынан 35 тонна қоқыс шығарылды

Ақтауда коммуналдық мекеме қызметкерлері теңіз жағалауынан 35 тоннаға жуық қоқыс шығарды, деп хабарлайды kazgazeta.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған шарадан кейін коммуналдық мекеме қызметкерлері теңіз жағалауында санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізді.

Аталған жұмыстарға 6 техника мен 35 адам жұмылдырылды.

- Қалада санитарлық тазалық жұмыстары күнделікті жүргізіледі. Коммуналдық мекеме қызметкерлері теңіз жағалауынан 35 тоннаға жуық қоқыс шығарды. Санитарлық тазалық жұмыстары жалғасып жатыр, - деді Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы Жантілек Асхатов.

211 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз