Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 29 Наурыз, 2024

Еліміздің барлық су қоймалары су жинау тәртібінде жұмыс істеп жатыр

Көктемгі су тасу кезеңінде Су ресурстары және ирригация министрлігінің негізгі міндеті - су қоймаларына тасқын суын жинау. Ол үшін алдын ала республикалық меншіктегі барлық су қоймаларында тасқын суын қабылдау үшін бос орын дайындалды. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі хабарлады. 

Қазіргі уақытта барлық су қоймалары су жинау тәртібінде жұмыс істеп жатыр.

- Еліміздің солтүстігінде ірі су қоймалары орта есеппен 68%-ға толды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 7%-ға артық;

- Оңтүстікте бұл көрсеткіш 80%-ды құрайды;

- Батыста, орта есеппен су жинау көрсеткіші 71%, бұл былтырғыға қарағанда 6%-ға көп;

- Шығыстағы су қоймалары орта есеппен 60%-ға толы, бұл бір жыл бұрынғыдан 9%-ға артық;

- Орталық Қазақстанда бұл көрсеткіш 66%-ды құрайды.

Фото: ашық дереккөз

163 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз