Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 30 Наурыз, 2024

Павлодар облысының халқымен кездесті

Павлодар облысына жұмыс сапары барысында ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев облыс тұрғындарымен кездесу өткізіп, оларды толғандыратын сұрақтарға жауап берді.

Іс-шараға облыс әкімінің басқарма басшылары, аудан әкімдері, экология министрлігінің ведомстволық бағыныстағы мекемелердің басшылары мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Аймақ тұрғындарын экологияға маңызды сұрақтар мазалады, өйткені Павлодар облысында отын-энергетикалық кешен, металлургия, мұнай-химия, тау-кен өнеркәсібі кешені кәсіпорындары, сондай-ақ орман шаруашылығын дамыту, кәріздік тазарту құрылыстарының тозуы және өздігінен пайда болатын полигондарды жою мәселелері бар.

Экологиялық проблемаларды кешенді шешу үшін республиканың әрбір өңірінде жол карталары іске асырылатынын атап өткен жөн.

Павлодар облысының жол картасы 33 іс-шараны қамтиды, оның 20-сы бүгінгі күні орындалды, ал қалғандары іске асыру процесінде және олардың уақтылы орындалуы Министрліктің тұрақты бақылауында.

Жомарт Шияпұлы «Қазақстан Алюминийі» АҚ және «Қазақстандық электролиз зауыты» АҚ атты облыстық өнеркәсіп мекемелерінің технологиялық жұмысы процессімен танысты.

Жұмыс соңында азаматтарды жеке қабылдау және БАҚ өкілдеріне арналған брифинг ұйымдастырылды.

Фото: gov.kz

226 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз