Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 08 Сәуір, 2024

Канадалық Майкл Окафор Атырауда бөгет тұрғызуға атсалысты

Су тасқынына қарсы бөгеттерді бекіту жұмысына Атырауда тұратын шетел азаматтары да көмектесуде, - деп хабарлайды Атырау облысының төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы.
Соның бірі – «Барсы Атырау» баскетбол клубының ойыншысы Майкл Окафор.
Ол мұндай қиындықты елдің бірлігімен ғана жеңіп шығуға болатынын айтты.
«Сәлем! Менің есімім – Майкл Окафор. Канададан келген «Барсы Атырау» баскетбол клубының ойыншысымын. Осы жағдайды естігенде байыз таппай, командамызбен осында келдік. Су тасқыны кезінде үйлерге су кірмес үшін бөгетті  биіктетіп жатырмыз. Қаламызды табиғи апаттан сақтасақ, тұрғын ретіндегі борышымызды өтегеніміз», - деп басқа қазақстандықтарға жұмыла іс жасауға шақырып, үндеу тастады.
Майкл өз әріптестерінің бөгет соғу жұмысына белсене араласып, тынымсыз тер төккенін баяндады.

292 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз