Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 09 Сәуір, 2024

Тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз - Аида Балаева

Еліміздегі су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға көмек көрсетуге ниетті жандар үшін ресми түрде жұмыс істейтін қорлар құрылып, есепшоттар ашылғаны белгілі. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әлеуметтік желідегі парақшасында халыққа ресми ақпарат көздеріне ғана сеніп, арнайы құрылған қорларға қаржы аударуға кеңес береді.

"Құрметті достар!
Еліміз қазір қиын кезеңді бастан кешіп жатыр. Қарғын су ауыл-аймақты басып, халықтың үй-жайы мен мал-мүлкіне орасан зор шығын келді. Мұндай қиын-қыстау кезде ел азаматтары жұдырықтай жұмылып, бір-біріне көмек қолын созуда. Әрине, тілсіз жауды ауыздықтау оңай болмаса да, халықтың бірлігі мен ынтымағы арқылы бұл сынақты да еңсереміз деп сенеміз.
Осы уақыт ішінде бізге зардап шеккендерге көмек көрсетуге ниеті жандар хабарласып, көптеген өтініштер түсті. Гуманитарлық көмекті қайда және қалай жіберуге болады деген сұрақтар көп. Қаражатты қай қорға және қандай шотқа аударуға болады?
Бұл ретте, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз. Ресми түрде жұмыс істейтін қорлар туралы ақпаратты жергілікті атқарушы органдарға хабарласып, біле аласыздар. Қайырымды іс жасар кезде жауапкершілікті де естен шығармайық", - деді министр.

263 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз