Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 13 Сәуір, 2024

Су тасқыны кезеңінде Солтүстік Қазақстан облысында 3714 адам эвакуацияланды

Су тасқыны кезеңінде Солтүстік Қазақстан облысында 3714 адам, оның ішінде 502 бала эвакуацияланды. 527 адам эвакуациялау пункттерінде, 3087 адам туыстарының үйлеріне орналастырылған. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады. 

Бүгінгі таңда өңірде Есіл, Шал ақын, Ғ.Мүсірепов, Айыртау, М. Жұмабаев, Тимирязев және Қызылжар аудандарында 580 жеке үй мен 785 аула аумағы су астында қалуда.

Су басу қаупін болдырмау үшін су айдау, бар бөгеттерді нығайту және салу, қорғаныс біліктерін салу және арналарды кеңейтіп тереңдету жұмыстары жүргізілуде. 681 759 м3 су сорылды, 22 458 метр бөгет нығайтылып, 8 401 метр бөгет тұрғызылды, 194 036 дана қапшық төселді.

Су тасқынына қарсы іс-шараларға ТЖМ, ІІМ, Ұлттық ұлан, жергілікті атқарушы органдар, Қазавиақұтқару, Қорғаныс Министрлігі және еріктілер күштерінен 4597 ж/қ, 854 бірлік техника, 476 мотопомпалар, 2 бірлік авиация және 110 жүзу құралдары жұмылдырылды.

СҚО құтқарушыларына көмекке Астана, Алматы, Түркістан, Қарағанды, Павлодар және Ұлытау облыстарының ТЖД топтары жіберілді.
Республикалық және облыстық жедел штабтар тәулік бойы жұмыс істеуді жалғастыруда. Су тасқыны басталғаннан бері жедел штабтың жедел желісіне 132 қоңырау келіп түсті, оның 20 шұғыл психологиялық көмек.
Петропавл қаласының, сондай-ақ Тайынша, Қызылжар, Есіл және Ғ.Мүсірепов аудандарының әкімдері жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимін жариялады.

Жедел штаб облыс аумағында су тасқыны жағдайына тәулік бойы бақылау жүргізеді. 

Фото: көрнекі / ашық дереккөз

358 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз