Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 14 Сәуір, 2024

Атырауда бөгет тұрғызу жұмыстарына 2500 ерікті студент қатысты

Атырау облысында екі университет 10 шақырым бөгет тұрғызып жатыр. Атырауға жұмыс сапары аясында ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Алмалы және Бесікті ауылдарында тасқын судан қорғауға бөгет құрып жатқан  азаматтарға қолдау көрсетіп, алғыс білдірді.

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті мен С.Өтебаев атындағы мұнай-газ университетінің қызметкерлері мен ерікті студенттері Жайық өзені арнасын бекітуді үздіксіз жалғастырып жатыр. Бөгет тұрғызу жұмыстарына 2500 ерікті студент, 400-ге тарта қызметкер белсенді қатысып жүр.

«Сіздердің күш-қайраттарыңыздың арақасында қаланы қорғайтын маңызды бөгет салынып жатыр. Жұмыла көтерген жүк жеңіл! Барлықтарыңызға азаматтық танытып, аянбай еңбек етіп, ерлік көрсетіп жатқандарыңыз үшін алғыс білдіремін!», - деді министр Саясат Нұрбек.

246 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз