Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 15 Сәуір, 2024

Сафуан Шаймерденовтің туғанына 102 жыл

Бүгін қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, Қазақстанның халық жазушысы, прозаик, драматург, аудармашы  Сафуан Шаймерденовтің туғанына — 102 жыл толды.

Жазушы еңбек жолын мұғалім ретінде бастап, кейін өмірін шығармашылыққа арнады.

Оның «Болашаққа жол» романы, «Өмір нұры» повесі қалың оқырманның ықыласына бөленді.

Қаламгердің драматург ретінде жазған «Қайдасың, Зарина?» және «Әнім сен едің» туындылары Қазақстан театрларында сахналанды.

Жазушы аударма ісімен де айналысты. Ол Рабиндранат Тагор және Лев Толстой сынды авторлардың шығармаларын қазақ тілді оқырманға таныстырды.

Сонымен қатар Сафуан Шаймерденов 1996 жылы Петропавл қаласында тұңғыш қазақ мектебінің ашылуына себепкер болды. Бүгінде білім ордасына заңғар жазушының есімі беріліп, ескерткіш тақтасы қойылған.

217 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз