Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 15 Сәуір, 2024

Су тасқыны: Орал түрмесіндегі сотталушылар еліміздің басқа өңірлеріне көшірілді

Су басу қаупі төнуіне байланысты Орал қаласындағы түзету мекемесінен жазасын өтеушілер көшірілді.

БҚО қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Жайық өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты осындай шешім қабылданған.

«№ 27 түзету мекемесінде жазасын өтеушілер Қазақстанның басқа өңірлеріне эвакуацияланды.  Атап айтқанда, Ақтөбе, Тараз, Шымкент және Қызылордаға көшірілді» деп хабарлады ведомстводан. 

Сонымен қатар тұрғындар жазасын өтеушілердің колоннамен эвакуацияланғаны жөніндегі бейнежазбаны әлеуметтік желіге жүктеп, бөлісіп жатыр.

81 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз