- Аймақ тынысы
- 16 Сәуір, 2024
“Алматы – біздің ортақ үйіміз” науқанының бірінші аптасы қорытындыланды
Алматыда «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанының бірінші аптасы қорытындыланды. Бұл туралы Алматы облысының әкімдігі хабарлайды.
Қалалық қызметтер мен аудан әкімдіктерінің атқарған жұмысы:
- 1250 аялдама павильонын жуу.
- 59 жер асты және жер үсті жаяу жүргіншілер өткелін тазалау және сырлау.
- 165 бағдаршам нысанын жуу және сырлау.
- 1690 жол белгісі тірегін бояу.
- 5570-тен астам қоқыс жәшігі мен 2740 орындық жуылып, боялды.
- ҚТҚ жинауға арналған 350 алаңды жуу және дезинфекциялау.
- 17 000 м2 астам жолды ағымдағы жөндеу.
Науқанның екінші кезеңі басталды, бұл кезде аула жөнделіп, көгалдандырылады, тұрғындардың қатысуымен түрлі іс-шаралар өтеді. «Біздің қала – біздің аула, біздің үй» апталығы аясында ниет білдірушілерге көшет пен бояу беріледі. Сондай-ақ әртүрлі шығармашылық және экологиялық іс-шаралар, соның ішінде «Үздік аула», «Үздік шағын бақ» және т.б. байқаулар жоспарланған.
Фото: дереккөзден алынды
98 рет
көрсетілді0
пікір