Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 16 Сәуір, 2024

БҚО-да су тасқыны басталғалы бері 13 614 адам эвакуацияланды

БҚО-да су тасқыны басталғалы бері 13 614 адам эвакуацияланды. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте БҚО әкімінің баспасөз қызметінің басшысы Ерхан Таткен хабарлады.

Оның ішінде 5653-і бала. Су басқан учаскелерден эвакуацияланған тұрғындарды орналастыру үшін сыйымдылығы 9 мыңға жуық орынға лайықталған 161 уақытша орналастыру пункті дайындалды. Бүгінгі таңда 15 эвакуациялық пунктте 2 189 адам бар.

Оның мәліметінше, өңірдегі су тасқынына қарсы іс-шараларға 6478 адам, 1574 техника жұмылдырылды.

«Батыс Қазақстан облысындағы жағдай әлі де күрделі. Мамандардың мәліметіне сәйкес, Ресейдің Орынбор облысынан бастау алған көлемді су өңірге 20 сәуір күндері келеді деп болжануда. Таңертеңгі ақпаратқа сәйкес, Жайық өзеніндегі судың деңгейі 776 см құраған. Яғни, кешегі көрсеткішпен салыстырғанда 8 см артқан. Осыған байланысты, Жайық өзеніне жақын орналасқан Ақжайық, Бөрлі, Бәйтерек, Теректі аудандары мен Орал қаласындағы қауіпті аймақтардан тұрғындар эвакуациялануда», - деді спикер.

Бұдан бөлек, облыста тұрғындардың тіршілігін қамтамасыз ететін стратегиялық нысандарды қоршау шаралары күшейтілді.

Фото: дереккөзден алынды

114 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз