Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 16 Сәуір, 2024

17 сәуірде Мәжілістің жалпы отырысы өтеді

​​17 сәуір сағат 10:00-де Мәжілістің жалпы отырысы өтеді, - деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.
Депутаттар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бірінші оқылымда талқылайды. Сондай-ақ «Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына жекелеген көлік құралдары түрлерінің жүруін ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы мен оған ілеспе түзетулер І оқылымда қаралады.
Сонымен қатар күн тәртібінде Мемлекеттiк наградалар туралы заң жобасына енгізілетін түзетулер де бар.

Бұдан бөлек «Масс-медиа туралы», «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң жобалары ілеспе түзетулерімен, Салық кодексіне ғылым мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар екінші оқылымда қаралады.

Жалпы отырыста Мәжіліс бірқатар жаңа заң жобасын жұмысқа алады. Олар: «Нысаналы капитал қорлары (эндаумент-қорлар) туралы», «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске масс-медиа мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» заң жобалары және тағы басқа.

88 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз