Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 16 Сәуір, 2024

Алматы - біздің ортақ үйіміз: 197 кг қайталама шикізат жиналды

«Қоқысты кофеге/тағамға айырбаста» акциясының бірінші күні 197 кг қайталама шикізат жиналды.

«Алматы - біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында 15 сәуір күні «Қоқысты кофеге/тағамға айырбаста» акциясы басталды.

Акцияның шартына сәйкес, кез келген адам қайта өңдеу үшін белгілі бір мөлшерде қайта өңдеуге болатын шикізатты, атап айтқанда макулатура, пластикалық бөтелке, алюминий құты және шыны бөтелке жинай алады. Қабылдау пунктінде қатысушы оны кофе немесе тағам алу үшін купонға айырбастай алады.

Акцияның бірінші күні Алматы тұрғындары қайта өңдеуге арналған 197 кг материалды (45 кг пластик, 31 кг алюминий, 70 кг макулатура, 51 кг шыны) қабылдау пунктіне өткізді.

Кофе, бургер, донер немесе пиццаға айырбастау үшін оларға 128 купон берілді. Дәмді сыйлықты Salam Bro, Dodo Pizza, Gippo және Degirmen серіктес компаниялардан ала аласыз.

Акция 8 мамырға дейін жалғасады. Ол қалдық мәселесіне көңіл аударып, қайта өңдеудің маңызын насихаттау.

173 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз