Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 17 Сәуір, 2024

Алматыда Панфиловшы - Батырлардың шыңына Альпиниада өтеді

Ағымдағы жылдың 7 мамырында Отан қорғаушылар күнінің құрметіне орай және «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында Кішіалматы шатқалының ең әдемі шыңдарының бірі- Панфиловшы- Батырлар шыңына жаппай өрмелеп шығу өтеді.

Панфиловшы- Батырлар шыңын алғаш рет 1942 жылы Бүкілодақтық тау-кен даярлау мектебінің курсанттар тобы бағындырған болатын. 2012 жылдан бастап осы бағыт бойынша альпиниадалар жыл сайын өткізіледі.

Іс-шара Алматы қаласының халқы мен жастарын белсенді демалыс түрлеріне, салауатты өмір салтын ұстануға, қоршаған ортаға және тауларға бару мәдениетіне ұқыпты қарау құндылықтарын қалыптастыруға тартуға арналған.

120 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз