- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 24 Сәуір, 2024
Тәжікстаннан елімізге тағы гуманитарлық көмек келді
Тәжікстан Республикасынан елімізге тағы гуманитарлық көмек жеткізілді, деп хабарлады Ақтөбе облысының әкімдігі.
Ақтөбе облысына 9 вагонға тиелген құрылыс материалдары жетті. Оның ішінде 240 тонна цемент, 70 тонна ағаш, 60 тонна шеге және шифер бар.
Бұған дейін Тәжікстан Үкіметінен 50 вагон гуманитарлық көмек келген болатын. Ол 9 облысқа таратылып, әр өңірге 2,5 мың тоннадан аса қажетті зат берілді.
Сол кезде Тәжікстан Республикасының Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс комитетінің төрағасы Рустам Назарзода:
Қазақстандағы қиын жағдай біздің де жанымызға батты. Бейжай қарап отыра алмадық. Біздің елімізде күрделі мәселе туындаса, ең көп көмек жолдайтын ел – Қазақстан. Сондықтан Тәжікстан Республикасы президентінің шешімімен осы гуманитарлық керуенді жеткізіп отырмыз. Біз стратегиялық серіктес елдер ретінде бір-бірімізді қолдап тұруымыз керек, – деді.
86 рет
көрсетілді0
пікір