Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 26 Сәуір, 2024

Балқаш көлінің су деңгейі көтерілді

Жыл басынан Балқаш көлінің су деңгейі орта есеппен 15 сантиметрге көтерілді. 1 қаңтарда көлдің орташа су деңгейі 159 см болса, 1 сәуірде бұл көрсеткіш 174 см-ге жетті. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі хабарлады. 

Биыл трансшекаралық Іле өзенінен үлкен көлемде су келгенін айта кеткен жөн. Осының нәтижесінде Қапшағай су қоймасынан Балқаш көліне шамамен 2,3 текше шақырым көлемінде су жіберу мүмкіндігі пайда болды.

Балқаш көлінің су деңгейін анықтау үшін 4 су бекетінде бақылау жүргізіледі. Ағымдағы жылдың 24 сәуіріндегі жағдай бойынша Балқаш көлінің ең жоғары деңгейі Сарышаған су бекетінде тіркелді. Мұнда су деңгейі 210 см болды. Ал, көлдің ең төменгі деңгейі - 140 см, Қарақұм су бекетінде белгіленді. Ал, Балқаш бекетінде су деңгейі 177 см, Мыңарал бекетінде 167 см құрады.

Фото: ашық дереккөз

327 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз