Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 27 Сәуір, 2024

Мәжіліс депутаттары 350 түп ағаш отырғызды

Мәжіліс депутаттары мен Палата аппаратының қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына қатысты. Жалпы қалалық сенбілікте олар 350 түп ағаш отырғызды, - деп хабарлайды kazgazeta.kz.
Мәжіліс депутаттары мен Аппарат қызметкерлері Астанадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінің аумағын көгалдандыруға атсалысты. Жалпы қалалық сенбілік барысында депутаттар шырша, қарағай, емен және қайың көшеттерін отырғызды.
Сенбілік Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық бастамасы аясында ұйымдастырылып, еліміздің барлық өңірлерін қамтыды. Ал Астанада «Жасыл аймақ» деген атаумен өтуде.

Фото: t.me/mazhilis_kz

171 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз