Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Фотогалерея
  • 09 Мамыр, 2024

Алматыда Жеңіс күні тойланып жатыр

Алматыда  Жеңістің 79 жылдығы тойланып жатыр. Дәстүр бойынша негізгі мерекелік іс-шаралар 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта болып, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың қатысуымен Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімі өтті, - деп хабарлайды kazgazeta.kz тілшісі. 

Бір минут үнсіздіктен кейін Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері, әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының өкілдері, қоғам қайраткерлері мен қала тұрғындары қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерді еске алуға арналған Даңқ мемориалына гүл шоқтарын қойды.

Әкім майдангерлерді мерекемен құттықтап, ұрыс алаңында және еңбек майданында көрсеткен ерліктері үшін алғыс айтып, зор денсаулық, мол бақыт, амандық тіледі.

Өз кезегінде ардагерлер кездесу барысында қала басшылығына назар аударғаны үшін ризашылық білдіріп, Алматы тұрғындары мен қазақстандықтарға бейбітшілік пен жақсылық тіледі. Сондай-ақ естелігін бөлісіп, өлең оқып, соғыс туралы әндер айтты.

Суреттерді түсіргендер - Юрий Беккер, Досжан Балабекұлы

1079 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз