Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 23 Қаңтар, 2020

«Шырақшы» фильмі прокатқа шықты

22 қаңтарда Алматыдағы  «Арман» кинотеатрында  Ермек Тұрсыновтың кезекті жаңа туындысы - «Шырақшы» көркем фильмінің тұсаукесері өтті.

Ермек Тұрсыновтың бұған дейінгі өзге жұмыстары секілді, бұл фильм де жеке адамның жүріп өткен өмір жолы, пешенесіне жазылған тағдырын баяндаумен ерекшеленеді. Қан майданның ортасынан табылып, соғысты басынан кешкен қазақ солдаты бірде қираған үйіндінің астында бүкіл жақындары қалып, өмірінің мәнін жоғалтқан неміс азаматымен кездеседі және бұл кездесу оның қалған өмірінде айналысқан басты кәсібін таңдауына түрткі болады. Азалы неміс қазақ жігітінің иығына кинопроекторды іліп, беті ауған жаққа кете барады. Сол аппарат арқылы басты кейіпкер елге оралған соң, ауыл-ауылды аралап, халыққа кино көрсетумен айналысады.

Ал енді фильмнің «Шырақшы» деген атына тоқталар болсақ, қазақта шырақшы деген кім? Ол киелі орындарды қарап, сол жерге келушілерге зиярат орнының тарихымен таныстырып, құран бағыштап отыратын адамды шырақшы дейді. Ал, Ермек Тұрсыновтың фильміндегі шырақшы – кино арқылы қоғамның көзқарасын өзгерткісі келген кейіпкер, киномеханик. Бұл фильмнің идеясын желеу ету арқылы режиссер бүкіл кино мамандарының басты мақсатын көрерменге жеткізгісі келген сыңайлы. Ермек Тұрсынов бұл фильмнің негізгі идеясы талантты актер, марқұм Меңтай Өтепбергеновке тиесілі екенін айтты. Басты рөлді де идея авторы өзі ойнауы керек болған екен. Алайда, Өтепбергеновтың ұзақ уақыт ауырып, қайтыс болуына байланысты режиссер басты рөлге жаңа кейіпкер іздейді. Осылайша, киноға ойда жоқта Мұрат Мұқажанов келген. Актер болмысының шынайылығымен, қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Жалпы Ермек Тұрсыновтың бұл жаңа фильмі қазіргі кинокартиналарға тән арнайы әсірелеу эффектілерінің жоқтығымен, өмірге жақын шынайылығымен ерекшеленеді.

Фильмді  ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша  Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ  мен Tursunov Film компаниясы бірлесе түсірген. 23 қаңтардан бастап фильм еліміздің кинотеатрлары арқылы прокатқа шығады.

Гауһар Түстікбаева

Бейнематериалды әзірлеген:

Әлихан Жанарбек

1817 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала 2019 жылдың ең мықты лигасы аталды. ҚПЛ Конго мен Қытайдан төмен
Келесі мақала ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ҚАМҚОРЛЫҚ» ЖОБАСЫ БАСТАУ АЛДЫ

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *