Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Qazaq gazetteri TV
  • 06 Ақпан, 2020

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына жолдама алды (ВИДЕО)

Футзалдан Қазақстан құрамасы іріктеудің элиталық кезеңінде Чехияны ірі есеппен жеңіп, әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды.

D тобының соңғы, үшінші турындағы матч чехиялық Брнода өтіп, 5:2 есебімен аяқталды.
 Бұл кездесуде Қазақстан құрамасына тек жеңіс қажет болды. Пауло Рикада Кака шәкірттері ойынды қарқынды бастады - алғашқы минуттарда Чехия қақпасына үш гол соғылды. Дуглас дубль жасады, кейін Тайнан гол соқты. Екінші таймда командалар екі голмен алмасып шықты. 24-минутта Дуглас хет-трик авторы атанды. Алаң иелері Михаил Голаның голымен жауап қатты. 38-минутта Тайнан кездесудегі екінші голын соқты. Матчтың соңғы минутында Иржи Вокоун матч нүктесін қойды. Осылайша, Қазақстан құрамасы ұлты ұпаймен өз тобында бірінші орын алды. Өзара кездесуде жеңіліп қалған Чехия алты ұпайы болса да, екінші орынға түсті. Румынияда төрт, Словенияда бір ұпай бар.

Әлем чемпионаты биыл Литвада 12 қыркүйек пен 4 қазан арасында өтеді.

453 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Неге «Гарри» емес, «Хәрри»? (видео)
Келесі мақала «Дю Солей» циркіндегі қазақтан шыққан тұңғыш акробат (видео)

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *