Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 22 Наурыз, 2020

Бүгін ұлт басылымына – 30 жыл

Бүгін "Қазақ газеттері" ЖШС-не қарасты "Ана тілі" ұлт газетінің 30 жылдық мерейтойы.  Республикалық «Ана тілі» газеті тәуелсіздіктің жылымығы есе бастаған 1990 жылы, Ұлыстың ұлы күні наурыздың 22-сінде жарық көрді.  «Ана тілі» – Мемлекеттік тілдің бірден-бір жоқшысы, үні айбары. Республикадағы тіл тақырыбында шығатын ресми жалғыз басылым. «Ана тілі» тек Мемлекеттік тіл ғана емес, ұлтқа қатысты кез келген күрмеулі мәселелерді көтеріп келеді. Қазақтың тілі, қазақтың ауылы, қазақ мектебі, балабақшасы, қазақ жастары, қазақ ғылымы, т.б. көптеген тақырыптар басылым беттерінен түсіп көрген емес. Таралымы: Ұлт мүддесін бірінші орынға қоятын газеттің 90-жылдардағы таралымы 100 мыңнан асып жығылады. Бүгінгі таңда газеттің 26 000-дай оқырманы бар, төрт түрлі түспен, 12 бет А2 форматпен басылуда. 2005 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын жұлдыз» сыйлығымен, бірнеше мәрте Ақпарат министрлігінің Құрмет грамотасымен, арнаулы дипломдарымен, әртүрлі бәйгелердің бас жүлделерімен марапатталуы – осының айғағы. 2006 жылдың 11 мамырдағы нөміріне басылымның Бас редакторына ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деп арнайы сұхбат беруі республика жұртшылығы тарапынан тағдыры күрмеулі мемлекеттік тілдің, сондай-ақ, «Ана тілінің» жеңісі ретінде бағаланды. 1990-97 жылдар аралығында басылымның Бас редакторы бедгілі қаламгер Жарылқап Бейсенбайұлы болса, 1997-2006 жылдарда белгілі жазушы, Президент сыйлығының иегері Мереке Құлкенов, 2006 жылдың тамызынан желтоқсан айына дейін ҚР Президенті сыйлығының иегері, саяси ғылымдар кандидаты Жұмабек Кенжалин, 2006 жылдың қараша айынан 2009 жылдың наурызына дейін филология ғылымдарының кандидаты Мақсат Тәж-Мұрат, 2009 жылдың наурызынан 2018 жылдың шілдесіне дейін жазушы-журналист, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Самат Ибраим басқарды. 2018 жылдың шілдеснен қазірге дейін ақын-журналист  Жанарбек Садыханұлы Әшімжан басқарып келеді.

Суреттерді түсірген-Досжан Балабекұлы

3425 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз