Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 09 Сәуір, 2020

Шөп өртегендер жазаланды

Шөп өртеген екі шаруа қожалығы тікелей немесе жанама келтірілген нұқсан үшін айыппұл төлеуге міндеттелуі мүмкін, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Аймақтық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының айтуынша, Павлодар облысының мемлекеттік орман қорында 7 өрт оқиғасы тіркелген. Олардың бесеуі ауылдық жерлер мен шаруа қожалықтарынан көшкен. Құрғақ шөпті өртеушілердің басым бөлігі фермерлер болғандықтан, аймақта оларға қатаң жаза қолданылады деп шешілді. «Бүгінгі күні Ақсу және Май аудандарында шөп өртеген екі шаруа қожалық иелеріне 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Аталмыш жағдай қайталанатын болса, айыппұл көлемі 1500 АЕК-ке дейін өсуі мүмкін. Екі оқиға бойынша іс материалдары аудандық ішкі істер бөлімдеріне, ТЖ департаментіне және Экология департаментіне жіберілді. Өрт қоюдан шыққан тікелей немесе жанама нұқсан көлемі анықталады, содан кейін залалды өтеу үшін шаруа қожалықтарына сотқа шағымдануға мүмкіндік беріледі, - дейді басқарма басшысы Талғат Бешенбаев. Маманның айтуынша, соңғы жылдары жағдай қайталанып отыр. Көктем келісімен шаруа қожалықтарының иелері өз алқаптарында құрғақ шөпке әдейі өрт қояды. Олар жалын басқа елді мекендерге немесе орман алқаптарына көшеді деп ойламайды. "Өкінішке орай, фермерлердің көбі тілсіз жауды бағындыру қиынға соғатынын естен шығарып, тек өз шаруа қожалықтарын жаңа шөппен қамтамасыз етулерін көздейді", - дейді Талғат Бешенбаев. Соның салдарынан  орман алқаптары, жануарлар мен елді мекендер зардап шегеді. Айта кетерлігі, 8 сәуір күні Ленин кентінде 30 гектар жерде кезекті өрт шықты. Тілсіз жаумен күресуге 10 сағат уақыт жұмсалды. Өрт сөндіруге 16 техника, ТЖ бойынша департаментінің қызметкерлері, еріктілер және орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің жұмысшыларынан құрылған 57 адам жұмылдырылды.  

922 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз