Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 25 Сәуір, 2024

Қазақстандықтар балық пен теңіз өнімдерін аз тұтына бастады

Қазақстандықтар балық пен теңіз өнімдерін аз тұтына бастады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлайды.
Былтыр 2022 жылмен салыстырғанда нан мен жарма, балық пен теңіз және май мен тоңмайдан басқа азық-түлік өнімдерінің негізгі топтары бойынша тұтыну көрсеткішінің өскені байқалды.
Өткен кезеңдердегідей үй шаруашылықтарының тұтыну шығыстарында азық-түлік сатып алуға жұмсалатын шығыстардың ең көп үлесі ет және ет өнімдеріне (17%), нан мен жарма өнімдеріне (7,9%) тиесілі.
Ет пен ет өнімдерін тұтынудың ең жоғары деңгейі Атырау, Ақмола, Жетісу облыстарында, ал ең төмені Шымкент қаласында байқалды.
2023 жылы халықтың жан басына шаққандағы азық-түлік өнімдерінің жекелеген түрлері бойынша айына орташа алғанда тұтынуы:
картоп – 3,7 кг
нан, І сұрып – 2,4 кг
сиыр еті – 2,1 кг
алма – 1,6 кг
құмшекер – 1,5 кг
күріш – 1,3 кг
сүт – 1,1 л
айран – 1 л
жұмыртқа – 16,8 дана
макарон – 0,9 кг
жаңа ауланған немесе салқындатылған балық – 0,8 кг
қара шай – 0,1 кг
Анықтама: Азық-түлік өнімдерін тұтынуы бойынша деректер тұрмыс деңгейі бойынша 12 000 үй шаруашылығын іріктеп зерттеу нәтижелері бойынша есептелген.

255 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз